Ауылының бүкіл қарызын жауып берген Хорватия шабуылшысы кім?
Опубликовано:
Хорватияның футбол құрамасының шабуылдаушысы Анте Ребич өз ауылының тұрғындарына жақсылық жасады. Ол жерлестерінің барлық кредитін жауып берген деп хабарлайды eurospot.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Футболшының ауылында 500-ге жуық тұрғын бар екен.
"Ол Сплитаға жақын ауылда өскен. 19 жасында италиялық "Фиорентинаға" кетіп қалса да, жерлестерін ұмытпаған. Анте ауыл тұрғындарының барлық несиесін жауып берген", - дейді Анте Ребичтің Хорватия құрамасындағы әріптесі Ловро Шиндик.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1742469-auylyny-bkil-karyzyn-zauyp-bergen-horvatia-sabuylsysy-kim/