"Жеңісті бермеді": Қазақ боксшысы дұрыс баға қоймаған төрешілерге ренжіді (видео)
Опубликовано:
Қазақстандық боксшы Дамир Тойбай Аргентинада өтіп жатқан жасөсіпірімдер арасындағы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

91 келіден жоғары салмақ дәржесінің финалында төрешілер жеңісті ресейлік Алексей Дроновқа берген.
"Бұйырғаны осы болған шығар. Негізі қуалайпжүріп ұрдым. Маған бір ғана соққы тиді. Білмеймін енді. Қазылар алқасы 4:1 есебімен бағалады. Бірақ бас жүлдені бермеді", - деді жекпе-жек туралы өз ойын білдірген спортшы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1758615-zeisti-bermedi-kazak-bokssysy-drys-baga-kojmagan-tresilerge-renzidi-video/