RU

Әлем чемпионы атанған Юлия Галышева "Құрмет" орденімен марапатталды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев могулдан Олимпиада ойындарының жүлдегері әрі әлем чемпионы Юлия Галышева мен фристайл-могулдан ұлттық құрманың бас бапкері Елена Круглыхинаға Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстады деп хабарлайды olympic.kz.

Тимур Құлыбаев. Фото:olympic.kz
Тимур Құлыбаев. Фото:olympic.kz: Instagram

Олар "Құрмет" орденімен марапатталған.

"Сіздерді жоғарғы мемлекеттік награда алуларыңызбен құттықтаймын! Сіздер шын мәнінде үлкен жұмыс атқардыңыздар. Өткен жылы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп, биылғы әлем чемпионатында барша жанкүйерді алтын медальмен қуантып отырсыздар. Сіздер үшін бұл жеңіске барар жол оңай болмағанын білемін. Алдымен қола жүлдеге қол жеткізіп, келесі әлем чемпионатында күміс медаль еншіледіңіздер.
Қазақстан спорты тарихында тұңғыш рет могулдан әлем чемпионы атанып, биіктен көрінгеніңіз үшін қуаныштымын. Мемлекет басшысының қолдауы мен үкіметтің жүйелі жұмысы еліміздегі спорттың дамуына серпін беріп, жақсы нәтижелер тіркелуде. Осы орайда, қысқы және жазғы спорт түрлерін тең дәрежеде дамытып отырған Шығыс Қазақстан облысы басшылығының еңбегін де атап өткім келеді", - деді Қазақстан ҰОК президенті.
Тимур Құлыбаев. Фото:olympic.kz
Тимур Құлыбаев. Фото:olympic.kz: Instagram

Ал Юлия Галышева мемлекеттік награда үшін алғысын білдірді.                 

"Құрмет" ордені менің бүгінге дейін алған ең жоғарғы наградам. Бұл әрі қарай тынымсыз еңбектенуге үлкен серпін береді. Мемлекет басшысымен және Олимпиада комитетінің президентімен өткен бүгінгі кездесу еліміздегі спортшылардың қолдаусыз қалмайтынын көрсетеді. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Биік шыңдарды бағындыру үшін аянып қалмаймыз", - деді Юлия Галышева.

Еске кетейік, бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада танымал спортшылармен кездесті. Олардың арасында Юлия Галышевада бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1778907-lem-cempiony-atangan-ulia-galyseva-krmet-ordenimen-marapattaldy/