Головкин WBA жаңа рейтингінде көш бастады
Опубликовано:
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ санаты бойынша боксшылардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстандық спортшы тізімде көш бастады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2 орыннан 1 орынға көтерілді, одан кейінгі орындарда поляк спортшысы Камил Шеремета мен америкалық Брэндон Адамс тұр.
Ал қазіргі "суперчемпион" атағын мексикалық Сауль Альварес иеленсе, "қарапайым" чемпиондық - американдық спортшы Роб Брантқа тиесілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1781392-golovkin-wba-zaa-rejtinginde-ks-bastady/