"Челси" аты аңызға айналған ойыншысын бас бапкер қылды
Опубликовано:
Аты аңызға айналған Фрэнк Лэмпард "Челсиге" қайтып оралды. Алайда, бұл жолы ол футболшы ретінде емес, команданың бас бапкері ретінде келген деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Лондондық футбол клубы бұрынғы капитанын бас бапкер етіп тағайындаған. Лэмпард өзі 13 жыл бойы намысын қорғаған "Челсимен" үш жылдық келісімшартқа қол қойды.
Англиялық клубтың Twitter-дегі ресми парақшасында Фрэнк Лэмпардтың арнайы видеосы жарияланған.
Айта кетейік, Фрэнк Лэмпард "Челси" сапында 2001-2014 жылдар аралығында өнер көрсетті. Бұл уақытта англиялық футболшы 211 гол соғып, клуб тарихындағы ең үздік шабуылшы атанған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1803189-celsi-aty-ayzga-ajnalgan-ojynsysyn-bas-bapker-kyldy/