Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Сити" футбол клубы чемпиондық атағынан айырылуы мүмкін

Опубликовано:

Ағылшын премьер лигасы "Манчестер Сити" футбол клубының қаржылық есептерін тексеру бойынша жеке тәуелсіз тергеу жүргізеді. Соған сәйкес, "қалалықтар" 2012-2016 жылдар аралығында қол жеткізген бірқатар атақтарынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

"Манчестер Сити" ФК. Фото: premierleague.com
"Манчестер Сити" ФК. Фото: premierleague.com: UGC

Daily Mail басылымының мәліметінше, "Манчестер Сити" футбол клубы 2013/14 маусымдағы Англия премьер лигасының чемпионы атағынан айырылып, титул "Ливерпуль" командасына берілуі мүмкін.

Егер АПЛ өкілдері "Манчестер Сити" тарапынан бұзушылықтар анықтаса, команда 2013/14 маусымдағы чемпиондық атағынан айырылады. Ол кезде "қалалықтар" чемпионат қорытындысы бойынша "Ливерпульден" екі ұпайға басым түскен болатын.

Бұған дейін Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) "Манчестер Сити" футбол клубын екі маусымға еурокубок ойындарынан шеттетуге шешім қабылдағанын жазғанбыз.

УЕФА клубтарының Қаржылық бақылау органының тәуелсіз Сот палатасы барлық дәлелдерді зерделей келе, "Манчестер Сити" футбол клубы лицензиялау ережелерін өрескел бұзғанын және 2012 және 2016 жылдарғы есептерінде демеушілік табыстарын асыра көрсеткенін анықтаған.

Осыған орай, Сот палатасы ағылшын клубын УЕФА-ның 2020/21 және 2021/22 жылдарғы екі маусымынан шеттетуді ұйғарды. Сондай-ақ 30 млн еуро айыппұл салды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1841220-mancester-siti-futbol-kluby-cempiondyk-atagynan-ajyryluy-mmkin/

pixel