Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін 14 жеңісі бар спортшыға қарсы өткізеді

Опубликовано:

Бекзад Нұрдәулетов
Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 14 жеңісі бар спортшыға қарсы өткізеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "SULEIMEN Promotions" промоутерлік компаниясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Былтыр әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған 22 жастағы Бекзад Нұрдәулетовтің кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласы анықталды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 31 қазан күні Атырау қаласында өткізеді. Оның қарсыласы – 28 жастағы танзаниялық боксшы Ибрагим Маокола (14-9, 9КО).

Іс-шараны барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, көрермендердің қатысуынсыз өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ аталған бокс кешінде 2017 жылғы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері Абылайхан Жүсіпов те шаршы алаңға шығады. Ол 24 жастағы тәжірибелі танзаниялық Мешак Мванкемвамен ( 21-7, 13КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Нұрдәулетов пен Жүсіпов әуесқой бокстан Қазақстан құрамасының лидерлері. Бұл екі боксшы да Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алған.

Бұған дейін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапованың ТМД елдерінің ішінде ММА-дағы үздік бестіктің қатарына енгенін хабарлағанбыз.

ТурСтат порталы онлайн-сауалнама нәтижесінде ТМД елдерінің ішінде аралас жекпе-жектен әйелдер арасында ең үздік спортшылар тізімін ұсынды.

Еске сала кетсек, Мария Агапова биыл UFC-мен келісімшарт жасасқан. Ол аталған промоушенде бір рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңіліске ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1881075-bekzad-nrduletov-ksipkoj-bokstagy-birinsi-zekpe-zegin-14-zeisi-bar-sportsyga-karsy-tkizedi/

pixel