Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хабиб Нурмагамедов жылдың басты жекпе-жегінде Джастин Гэтжиді жеңді (видео)

Опубликовано:

Нурмагомедов пен Гэтжи
Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи. Фото: Josh Hedges / Contributor / Getty Images

Әбу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагамедов америкалық Джастин Гэтжиді жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Спортсүйер қауымның көптен күткен жекпе-жегі Әбу-Дабидегі "жауынгерлік аралда" Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 2-де өтті.

UFC промоушенінде бірде-бір рет жеңілмеген Хабиб Нурмагамедов осымен 29-шы жеңісіне қол жеткізді.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Ресейлік спортшы қарсыласын "үшбұрыш" әдісімен қылқындырып жеңді.

Осылайша америкалық Джастин Гэтжи UFC-де үшінші рет жеңіліс тауып отыр. Бұған дейін ол 22 мәрте жеңіске жеткен, оның 19-ын мерзімінен бұрын аяқтаған.

Айта кетейік, бұған дейін жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагамедов әкесі қайтыс болғаннан кейін күйзеліспен қалай күресіп жатқанын айтып берген еді.

Спортшы қиын сәтте қарқынды жаттығу жасауға шешім қабылдағанын жеткізді.

"Әкем де сондай еді – үнемі жаттығатын. Достары оның қайда барса да, спорттық сөмкесін тастамайтынын айтады. Алдымен ол жататын жерін дайындап алып, сосын жаттығуға кететін. Бұл әдет әкемнен қалған. Спортшы болғандықтан, мен үшін жаттығу өте маңызды", – дейді Хабиб.

Еске сала кетсек, сәуір айының соңында Абдулманап Нурмагомедов Дағыстанда ауруханаға түскені хабарланды. Алайда ауруханаға жатқызу себебі айтылмаған болатын. Кейінірек жаттықтырушыға пневмония диагнозы қойылғаны белгілі болды.

Ал шілде айының басында UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесінің қайтыс болған хабарланды. Суыт хабарды Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1881321-habib-nurmagamedov-zyldy-basty-zekpe-zeginde-dzastin-getzidi-zedi-video/

pixel