Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" спорт клубы басшыларының ісі сотқа жолданды

Опубликовано:

Велосипедші
Көрнекі фото: pexels.com

"Астана" кәсіби спорт клубы мен "Astana Pro Team" велокомандасының 3 басшысына қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Оларға велоспортты дамытуға бөлінген 520 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр. Аталған үш азаматтан бөлек халықаралық іздеуде жүрген тағы бір айыпталушы бар. Оған қатысты тергеу әлі жүріп жатыр.

Айта кетейік, Қызылорда облысында алаяқтық бабы бойынша айыпталып жатқан тұлғаларға жақында сот үкімі шықпақ. Олардың арасында өңірдің бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов та бар.

№2 қалалық сотында өткен кезекті сот отырысында прокурор аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып жатқан Қуанышбек Ысқақовты 8 жыл бас бостандығынан айыруды, cондай-ақ мемлекеттік органдарда, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігінен айыруды сұрады.

Сонымен қатар үй қамақты бас бостандығынан айыруға ауыстыру, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу де ұсынылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік айыптаушы "Құрмет"орденін қоса алғанда, барлық мемлекеттік ордендер мен наградалардан айыруды сұрады.

Сондай-ақ прокурор Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы екі орынбасары Марат Делмұханов пен Мұрат Имандосовты Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі (Қатысушылық) және 190 бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп тануды және әрбірін 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1886735-astana-sport-kluby-bassylaryny-isi-sotka-zoldandy/

pixel