RU

Марадонаның мұрасы: Футболшы балаларына қанша ақша қалдырды

Диего Марадона
Диего Марадона. Фото: Marcelo Endelli/Getty Images

Диего Марадона әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі болды. Спорттық мансабы шарықтаған кезде футболшының қаржылық мүмкіндіктері шексіз еді. Алайда, ақпарат өкілдерінің хабарлауынша, спортшының өлімінен кейін оның шоттарында көп ақша қалмаған деп жазады

Celebrity Net Worth басылымының жазуынша, Марадонаның мұрагерлеріне 500 мың доллар ғана қалған.

Диего 15 жасында "Архентинос Хуниорс" командасында дебют алып, отбасының жалғыз асыраушысы болды. 1981 жылы оны "Бока Хуниорс" клубы төрт миллионға сатып алады. Бұл жайттан кейін бір жылдан соң, жас спортшы "Барселона" басшылығының көзіне түсіп, нәтижесінде 7,6 млн долларға каталондық команда құрамына қосылады.

"Наполи" футбол клубы Диегоның траснферлік гонорар бойынша әлемдік рекордын жаңартты. Олар аргентиналық шебер футболшы үшін 10,5 млн доллар төлеген. Айта кетерлігі, Диего Марадона дәл осы клубта өз мансабының шарықтау шегіне жетіп, командасын екі маңызды титулыд жеңіп алуына елеулі түрде септігін тигізді.

Алайда, бір уақытта аяқдопшының жеке өмірі оның ойыншы мансабына кері әсерін тигізді. Оның өмірідне құлдырау кезеңі басталды. 1990 жылы өткен әлем чемпионаты Марадона мен арегентиналық команда үшін аса сәтсіз аяқталды. 1992 жылы ол кокаинге тапсырған тестінің оң нәтиже көрсетуіне байланысты "Наполиден" кетуге мәжбүр болады. 1994 жылы Марадона тағы да есірткіге тесттен құлап, әлем чемпионатынан шеттетілді.

Оған қоса, Диего Марадонаның "Наполиде" ойнап жүрген кезінде италиялық билікпен салық дауына қатысы болғаны анықталды. Футболшының төленбей қалған салығы 30 жыл бойы жинала берген. 2009 жылы Италия билігі Марадонаның салық бойынша 37 млн евро (18 650 468 654 теңге) қарыз болып қалғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, аталған қарыздың үстінен спортшы 23 млн евро көлеміндегі пайыздарды да төлеуге міндеттелді.

Полиция Диегоның қарызын 42 000 еуроға (21 170 802 теңге) қысқартпақ болып, оның кейбір бағалы алқаларын тәркіледі. Дегенмен, Марадона қарызы сол қалпы толық төленген жоқ. РБК хабарлауынша, 2018 және 2019 жылдары Dorados de Sinaloa клубын жаттықтырған кезде спортшы 1,6 млн доллар қаржы табу керек болған. Басылымның мәліметтеріне сүйенсек, футболшының қосымша табыстары бойынша FIFA ұйымымен келісімшарты болған.

2017 жылы ол FIFA-ның ресми елшісі болды. Марадона ұйым қатысқан әрбір шарасы үшін 10 мың еуро алып отырды. Алайда, кезекті жанжал салдарынан бұл қызметінен бір жылдан соң кетіп қалды. 1982 жылы Диегоның ресми демеушісі Puma спортттық аяқ киім өндіруші болған. Спортшы Coca-Cola, швейцариялық Hublot пен Konami атты жапониялық видео ойындарды жасап шығарушы компаниямен жарнамалық келісімшарты болды.

Жылжымайтын мүлік бойынша Марадонаның ұш үйі мен бір қонақ үйі болған. Спортшы люкс дәрежелі автокөліктерді ғана жүргізен. Олардың арасында 300 мың еуро тұратын Rolls-Royce бар.

Сонымен қатар, белгілі футболшыға бағалы сыйлықтар да жасалып тұрды. "Динамо-Брест" футбол клубының салымшысы оған қымбат тастармен қапталған сақина тарту еткен болатын. Бұл сыйға ол клубтың басқармасына төрағалық еткені үшін ие болды.

Марадонаның тек екі баласы ғана ресми түрде оның мұрагерлігіне ие бола алады. Өзге әйелдерден туған тағы үш баласын ол өткен жылы мойындамақ болған. Айта кетерлігі, Марадона балаларына түк қалдырмай, бар тапқанын қайырымдылыққа жұмсайтынын айтқан еді.

Айта кетейік, 25 қараша күні әйгілі футболшы Диего Марадонаның қайтыс болғаны туралы хабарланды.

Күні кеше спортшыны жерлеу рәсімі өтті. Оның ата-анасының қасына жерлеген.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/1886799-maradonanny-mragerligi-futbolsy-balalaryna-kansa-aksa-kaldyrdy/