RU

"Қазақтың кім екенін сезінесің": Жұмағұлов UFC-дегі екінші қарсыласына жауап қатты

Жалғас Жұмағұлов
Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

UFC-дегі қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов промоушндегі екінші қарсыласының жазбасына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

UFC 257-де қазақстандық шебер "Ханзада" лақап атымен Амир Албазимен жекпе-жек өткізуі тиіс. Жақында "Ханзада" Instagram-да Жұмағұловқа үндеу жасаған жазбасын жариялады.

Онда ол "Жалғас Жұмағұлов, мен саған келе жатырмын" деп жазып, болашақ қарсыласын қорқытпақ болған. Фотода жекпе-жек шебері қолына қару ұстаған. Қазақстандық спортшы жазбаға қатысты өз жауабын жазып, Албазиге қарсы үн қатты.

"Мен өзім-ақ келемін! Қазақтың кім екенін және көшпенділердің рухын сезінесің", – деп жазды Жұмағұлов.

Еске салсақ, аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Арман Оспанов жақында әлемнің ең әйгілі промоушені UFC ұйымымен келісімшарт жасауы мүмкін.

Әлеуметтік желілердегі суреттеріне қарағанда Оспанов қазір UFC өкілдерін дайындайтын UFC Performance Institute институтында жүр. Сонда аралас жекпе жек шебері ұйым басшыларымен келіссөз жүргізуі әбден мүмкін.

Оған қоса, қазақстандық үздік файтерлердің бірі Арман Әшімов UFC-мен келісімшартқа отырған туралы жазған едік.

Бұл жайлы Arlan MMA Pro Team командасының жаңадан сайланған басшысы Дархан Бәкенов мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1887163-kazakty-kim-ekenin-sezinesi-zmaglov-ufc-degi-ekinsi-karsylasyna-zauap-katty/