Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин алдағы жекпе-жекке қалай дайындалуда (видео)

Опубликовано:

Геннадий
Скриншот: Matchroom Boxing

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жағажайдағы жаттығу жасап жүрген сәтінен видео жария болды. Ол 18 желтоқсан күні поляк Камил Шереметамен қолғап түйістіреді.

Геннадий Головкиннің жағажайда жаттығу жасаған сәтінен видеоны Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының Twitter парақшасы жария етті. АҚШ-та жаттығып жүрген Геннадий кезекті жекпе-жегіне барынша дайындалуда. 18 желтоқсан күні боксшы АҚШ-тың Флорида штаты Холливуд қаласында поляк боксшысы Шереметамен жұдырықтасады.

​"Головкин 18 желтоқсан күніне дайындалып жатыр. Себебі, ол Флорида түнінде рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізбек", - деп жазған ресми парақша.

Еске салсақ, бұған дейін Геннадий Головкинмен жұмыс істейтін DAZN стримингтік қызметі қазақстандық боксшының кезекті жекпе-жегі қай күні өтетінін ресми түрде жария еткен еді.

Шеремета мен Головкин арасындағы жекпе-жек Сауль "Канело" Альварес пен әлемнің британдық "супер чемпионы" Каллум Смиттің жекпе-жегі қарсаңында өтуі керек екендігі де айтылуда.

Сонымен бірге, DAZN стримингтік қызметі қазақстандықпен келісімшартты қайта қарауды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейбір мәліметтер бойынша, DAZN Головкиннің жекпе-жек үшін төлемін төмендетуді жоспарлап отыр.

Спорт бақылаушылары бұл шешім негізсіз емес деген пікірде. Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық боксшыға айтарлықтай танымал емес қарсыластарымен жекпе-жек үшін 15 миллион доллар төлеу - "ессіздік".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1888261-gennadij-golovkin-aldagy-zekpe-zekke-kalaj-dajyndaluda-video/

pixel