Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілді

Опубликовано:

Бауыржан Исламхан футбол1
Фото: sports.kz

Азия футбол қауымдастығы Тәртіпті бақылау комитетінің допинг дауына ілінген отандасымыз Бауыржан Исламханға қатысты қандай шара қабылдағаны белгілі болды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

"Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Азия футбол қауымдастығы Тәртіпті бақылау комитетінің шешімін естіді. Ол 2 жылға футболдан шеттетілді", - деп жазды Айдын Қожахмет.

Еске салсақ, бұған дейін Бауыржан Исламханның ағзасынан тыйым салынған препарат табылғанын хабарлаған болатынбыз. Азия Чемпиондар Лигасының ойынына байланысты футболшы тапсырған допинг-сынама осындай нәтиже көрсеткен.

Кейінірек Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Азамат Айтқожин құрама капитаны Бауыржан Исламханмен допинг дауына қатысты сөйлескенін айтты.

"Мен ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламханмен телефон арқылы сөйлестім. Ол клуб дәрігерінің нұсқауларын толықтай орындағанына сендірді. Сондай-ақ Бауыржан кез келген тексеруден және қажетті сараптамалардан өтуге дайын. Қазақстан футбол федерациясы болған жағдайды түсіндіру туралы клубқа ресми хат жолдады. Бұл жағдай ойыншының пайдасына шешіледі деп үміттенеміз. Федерация өз кезегінде Исламханды толығымен қолдайды және қажетті көмек көрсетуге дайын", - деп жазған еді сол кезде Азамат Айтқожин.

Айта кетсек, допинг дауынан кейін "Аль-Айн" футбол клубы Бауыржан Исламханмен жасалған келісімшартты бұзған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1890860-bauyrzan-islamhan-eki-zylga-futboldan-settitildi/

pixel