Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастин Порье UFC 257 турнирінде Конор Макгрегорды нокаутқа түсірді (видео)

Опубликовано:

Конор Макгрегор
Фото: instagram.com/thenotoriousmma

Ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Дастин Порьенің арасындағы көптен күткен жекпе-жек америкалық файтердің жеңісімен аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кездесу екінші раундта аяқталды. Порье қарсыласына бірнеше жойқын соққы бергеннен кейін төреші кездесуді тоқтату керек деген шешім қабылдаған.

Бұл қос файтердің екінші кездесуі. Бұған дейін олар 7 жыл бұрын, 2014 жылы спорт алаңында жолыққан. Сол кезде жеңіс Конор Макгрегорға бұйырған еді.

Қазіргі уақытта Макрегордың еншісінде 5 жеңіліс пен 22 жеңіс бар. Ал Дастин Порье 27 рет жеңіске жетіп, 6 рет тізе бүккен.

Айта кетейік, екі спортшы да ресейлік чемпион Хабиб Нурмагомедовтан жеңіліп қалған.

Еске сала кетсек, UFC 257 турнирінде дебютант болып шыққан отандасымыз Жалғас Жұмағұлов шведтік Амир Альбазиға қарсы өткізген кездесуде жеңіліп қалған болатын.

Жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептеліп, судьялардың шешімімен Альбазидің жеңісімен аяқталған.

Айта кету керек, қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-де жеңілістен бастаған. Оның алғашқы жекпе-жегі өткен жылдың жазында өткізілген. Сол кезде төрешілердің шешімен бразилиялық Раулина Пайведен ұтылған.

Бұл кездесу Амира Альбази үшін де екінші жекпе-жек болып отыр. Бірінші кездесуіне канадалық Майкл Гордонды бірінші раунда жеңген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1895331-dastin-pore-ufc-257-turnirinde-konor-makgregordy-nokautka-tsirdi-video/

pixel