Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал" президенті коронавирус жұқтырып алды

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/madridista_newsss

Мадридтік "Реалдың" президенті Флорентино Перестен COVID-19 инфекциясын анықталды деп хабарлайды РИА Новости футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап.

Перестің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. 73 жастағы маманда ауру белгілері байқалмайды.

Флорентино Перес 1947 жылы Мадрид қаласында өмірге келген. Ол "Реал Мадирд" баскетбол және футбол клубтарының президенті.

Айта кетейік, бұған дейін корольдік клубтың бас бапкері Зинедин Зиданнан да коронавирус анықталған еді.

Сонымен қатар "Реалдың" бұрынғы футболшысы, қазіргі уақытта туриндік "Ювентус" сапында доп тебетін Криштиану Роналду да COVID-19 жұқтырған болатын.

Футболшы ауру белгілері жоқ болса да, Португалиядағы үйінде отбасымен бірге оқшауланды.

"Ювентус" клубының екі ойыншысынан коронавирус табылғаннан кейін, туриндік ұжымның 100-ден астам қызметкері оқшауланған болатын.

Одан бөлек, Польшаның спорттық порталдарының бірі Краковтағы "Висла" клубының және Қазақстан құрамасының ойыншысы Георгий Жуковтың коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Жалпы коронавирус жұқтырған танымал футболшылардың қатарында Даниель Ругани, Блюз Матюди, Пауло Дибала, "Милан" клубының аты аңызға айналған ойыншысы Паоло Мальдини мен оның ұлы Даниэль, Каллум Хадсон Одои, "Лестер" клубының бас бапкері Брендан Роджерс, Де Лигт, Сандро, Куадрадо, Златан Ибрагимович, Серхио Агуеро, Луис Суарес, Лука Йович бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1897037-real-prezidenti-koronavirus-zktyryp-aldy/

pixel