Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрынғыдай қалыпта емес": Головкинге мансабын аяқтау ұсынылды

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Rich Polk/Getty Images for Chivas Regal

Бокс жайлы жазатын шетелдік сайттың маманы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді мансабын аяқтауға шақырды. Ол GGG-дің қандай проблемалары бар екенін, оған қоса неліктен оның спорттан кеткені жөн екенін айтты.

Thefightcity.com сайты авторларының бірі Джошуа Айсард отандасымыздың кезекті мәрте жеткен жеңістеріне және орта салмақтағы әлем чемпионына екеніне қарамастан, "қолғабын шегеге ілетін кез келді" деп санайды.

Айсардтың айтуынша, басты себеп – Геннадийдің мансабында дәлелдейтін ештеңе қалмағаны.

"Головкин Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізуді көздеп отырғаны жасырын емес. Дегенмен оның 2019 жылғы қазандағы Сергей Деревянченкоға қарсы кездесуі мен Дэниэл Джейкобспен болған жекпе-жегін ескере отырып, қазіргі уақытта оның Мартин Мюррей мен Дэвид Лемьені "тас-талқан" етіп жеңген кездегідей қалыпта емес екенін айту керек", – дейді колумнист.

Алайда, Джошуа Айсард GGG-дің "жұдырығында үлкен күш бар" екенін және оның стилі жанкүйерлерге қатты ұнайтынын айтады.

Оған дәлел Головкиннің Шереметаның деңгейіндегі қарсыластарымен өткізген жекпе-жектерін талай адамның қызыға қарауы.

Осының бәріне қарамастан, мақала авторы алдағы уақытта Головкиннен төрт жыл бұрынғы қалыптағы жекпе-жектерін көруіміз екіталай екенін айтады.

"GGG бай, ол белбеулер жинауға құмар емес, оның есімі орта салмақтағы ең мықты чемпиондардың бірі ретінде тарихта қалады. Бірақ 38 жасына келген шағында ол "Канелоны" жеңгенімен, Марвин Хаглер, Бернард Хопкинс немесе Карлос Монсон сияқты шеберлермен бір қатарда тұра алады деп айту қиын", – дейді Айсард.

Ол сондай-ақ "Головкиннің шарықтау кезеңінде" орта дивизионға элиталық дарынды боксшылар жетіспегенін айтады, болса да олардың қазақстандықпен кездесуге "жүрегі дауаламағанын" атап өтті.

Маман бұл үшін Головкинді кінәламайтынын, бірақ "GGG 40-қа таяған шағында" жекпе-жектерді көбірек өткізгені өткенді өзгертпейтінін айтты.

"Сондықтан қазір келесі жекпе-жектің күнін, тіпті, Канеломен болса да, белгілегеннен гөрі отставкаға кететіні туралы хабарлау ол үшін әлдеқайда тиімді болар еді", – дейді Джошуа Айсард.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1898051-buryngydai-qalypta-emes-golovkinge-mansabyn-ayaqtau-usynyldy/

pixel