RU

Головкин "Канеломен" үшінші рет жұдырықтасу үшін неге баруға дайын екенін жеткізді

Фото
Фото: sports.kz

Boxing.pl журналисі Конрад Будынек отандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің алдағы уақыттағы жоспарларына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sports.kz.

Сарапшының пікірінше, 38 жастағы қазақстандық боксшының басқа қолжетімді нұсқаларының бар болғанына қарамастан, басты мақсаты Сауль Альвареспен үшінші рет жекпе-жек өткізу болып отыр.

"Промоутерлер Головкинге әуелі Муратамен, сосын Андрадемен жұдырықтасуға рұқсат беретін еді, бірақ олар соңғы сәтке дейін оның "Канеломен" трилогиясына үмітті", - деді Будынек.

Бұған дейін Головкиннің промоутері Эдди Хирн оның Риота Муратамен жекпе-жегінің желтоқсан айында өтуі мүмкін екенін айтқан болатын. Деметриус Андрадеге келетін болсақ, әзірге GGG командасы бұл жекпе-жекке аса үлкен қызығушылық танытпай отыр.

Еске салсақ, Қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альварестің барлық қарсыластардан несімен ерекшеленетіні туралы айтты.

GGG-дің мансабындағы алғашқы жеңілісіне себепкер болған – Сауль Альварес. Бірақ көптеген жанкүйер мен сарапшы төрешілер шешімін даулы деп санайды.

Бокс жайлы жазатын шетелдік сайттың маманы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді мансабын аяқтауға шақырды.

Ол GGG-дің қандай проблемалары бар екенін, оған қоса неліктен оның спорттан кеткені жөн екенін айтты. Джошуа Айсард отандасымыздың кезекті мәрте жеткен жеңістеріне және орта салмақтағы әлем чемпионына екеніне қарамастан, "қолғабын шегеге ілетін кез келді" деп санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1901053-golovkin-kanelomen-usinsi-ret-zudyryqtasu-usin-nege-baruga-daiyn-ekenin-zetkizdi/