RU

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы WBC чемпионы атанды (видео)

Нұртас Әжбенов
Фото: sports.kz

Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (10-0, 4 КО) Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті деп хабарлайды Sports.kz.

Әжбеновтің қарсыласы ресейлік Евгений Смирнов болды (13-1-3, 3 КО). Жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундты құрап, боксшылар WBC (ABC) Continental титулына ие болу үшін қолғап түйістірді. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан жасалған шешімімен Әжбеновтің жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Нұртас Әжбенов өзінің кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізіп, жеңіл салмақтағы WBC (ABC) Continental чемпионы атанды, ал Евгений Смирнов кәсіби бокста екінші рет жеңіліс тауып отыр. Әжбенов MTK Global промоутерлік компаниясының клиенті болып табылады, сонымен қатар ол Билли Джо Сондерс және Тайсон Фьюри сияқты әлемнің әйгілі чемпиондарының мүдделерін қорғайды.

Еске салсақ, бұған дейін Болгарияда өтіп жатқан халықаралық "Странджа-2021" турнирінде еліміздің боксшы қыздары 4 медаль еншілегенін жазған едік. Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова бокстан халықаралық "Странджа-2021" турнирінің жеңімпазы атанды. Ол әйелдер арасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан жарыста қарсылас шақ келтірмеді.

Ал ерлер құрамасынан еліміздің намысын қорғаған боксшылар Бейбарыс Жексен мен Нұрқанат Райыс Болгарияда өткен халықаралық доданың қола жүлдегерлері атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1901228-zenilip-kormegen-qazaqstandyq-bokssy-wbc-cempiony-atandy-video/