Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Головкиннің Мунгияға қарсы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Боксшы
Фото: prosports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин IBF белбеуін орта салмақта жеңілмеген мексикалық боксшы Хайме Мунгияға қарсы қорғайтын болды деп жазады Sports.kz сайты RingPolska басылымына сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, кездесу 7-мамыр күні АҚШ-тың Техас штатында өтеді. Бұл жекпе-жек туралы екі боксшының командасы бірнеше аптадан бері келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Мунгия - бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы. Ол Головкиннің салмағында екі кездесу өткізген. Нақтырақ айтсақ, Мунгия ирландиялық Гэри О'Салливанды кейін Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсонды жеңген.

Ал қазақстандық боксшы Деметриус Андрадемен кездесе алмайды. Өйткені, америкалық боксшы алдағы уақытта міндетті қарсыласы Лиам Уильямсқа қарсы кездесу өткізеді.

Еске салсақ, Қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альварестің барлық қарсыластардан несімен ерекшеленетіні туралы айтты.

GGG-дің мансабындағы алғашқы жеңілісіне себепкер болған – Сауль Альварес. Бірақ көптеген жанкүйер мен сарапшы төрешілер шешімін даулы деп санайды.

Бокс жайлы жазатын шетелдік сайттың маманы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді мансабын аяқтауға шақырды.

Ол GGG-дің қандай проблемалары бар екенін, оған қоса неліктен оның спорттан кеткені жөн екенін айтты. Джошуа Айсард отандасымыздың кезекті мәрте жеткен жеңістеріне және орта салмақтағы әлем чемпионына екеніне қарамастан, "қолғабын шегеге ілетін кез келді" деп санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1901612-baq-golovkinnin-mungiyaga-qarsy-zekpe-zegi-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel