Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Левит халықаралық турнирде француз боксшысын жеңіп, жартылай финалға шықты

Опубликовано:

Казахстанский боксер Василий Левит
Василий Левит. Фото: instagram.com/vassiliy_levit

Испанияның Кастельон қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде отандасымыз Василий Левит француз боксшысы Сейди Купені жеңіп, жартылай финалға шықты деп хабарлайды Sports.kz.

Турнирде 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Василий Левит өнер көрсетіп жатыр.

Ширек финалда ол француз боксшысы Сейди Купемен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Левит жартылай финалға шығып, осы турнирде медаль алатындығы айқын болды.

Айта кетейік, Василий Левит – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2016), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017, 2019), Азияның үш дүркін чемпионы (2009, 2015, 2017). Сонымен қатар былғары қолғап шебері Қазақстан чемпионатында үш рет (2009, 2015, 2017) жеңіске жеткен.

Айта кетейік, 63 келіде жұдырықтасқан Зәкір Сафиуллин үндістандық қарсыласына ширек финалда есе жіберді. 

Ал 52 келідегі Махмұд Сабырхан испаниялық Молина Сальвадор Мартинді жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. 

57 келідегі Серік Теміржанов та жарысты одан әрі жалғастырады. Ол АҚШ боксшысын жеңіп, жартылай финалға өтті. 

69 келідегі Абылайхан Жүсіпов испаниялық Серхио Мартинесті жеңді. Абылайхан да финал жолдамасына таласады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1902095-levit-xalyqaralyq-turnirde-francuz-bokssysyn-zenip-zartylai-finalga-syqty/

pixel