Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футбол жанкүйерлері Қазақстан мен Франция арасындағы матчқа кіре алуы мүмкін

Опубликовано:

Қазақстан
Фото: zakon.kz

Қазақстан футбол федерациясы отандық құраманың Франция командасына қарсы кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады. 2022 жылғы Әлем біріншілігіне іріктеу матчы "Астана Арена" стадионында өтпек деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кетейік, Швейцария астанасында өткен жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасы "Д" тобына түскен еді.

Бұл топта Франциядан бөлек, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамалары бар.

Қазақстан мен Франция үшін 28 наурыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін кездесу іріктеу кезеңіндегі алғашқы матч болмақ.

Қазіргі уақытта коронавирусқа байланысты елімізде өткізілетін спорттық шараларға жанкүйерлерді кіргізуге тыйым салынған. Дегенмен, федерация жақында жақсы жаңалықпен бөлісуге ниетті.

"Ұлттық команданың өз алаңындағы матчтарына көрермендер кіргізу мәселесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер рұқсат берілсе, Қазақстан-Франция матчына жанкүйерлер кіре алады.

Олардың саны жалпы стадион сыйымдылығының 30 пайызын ғана құрауы керек. Барлық санитарлық талап сақталуы тиіс. Ал билеттер шамамен 10-12 наурыздан бастап сатылады деп жоспарланып отыр", - дейді Қазақстан футбол федерациясы.

Еске сала кетейік, өткен айдың соңында Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жаңа шешімдер қабылдаған еді.

Оған сәйкес, 7 күн бойы "жасыл аймақта" тұрған өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат етілді.

Ал футболдан 2022 жылға әлем чемпионаты Катарда өтеді. Байрақты бәсеке 21 қараша мен 18 желтоқсан аралылығында болады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1902232-futbol-zankuierleri-qazaqstan-men-franciya-arasyndagy-matcqa-kire-aluy-mumkin/

pixel