Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселонаның" жаңа президенті сайланды

Опубликовано:

Жоан Лапорта
Жоан Лапорта. Фото: David Ramos/Getty Images

Клуб президенті қызметін тағы да 58 жастағы испан заңгері Жоан Лапорта атқарады деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб баспасөз қызметінің айтуынша, Жоан Лапорта бұған дейін каталониялық футбол клубы "Барселонаның" президенті қызметінде 2003-2010 жылдар арасында жұмыс істеген. Осы жылдары "Барселона" төрт рет Ла Лигада, екі рет Чемпиондар лигасында топ жарған. Жалпы алғанда клуб 12 турнирде жеңіске жеткен.

Клуб президентіне кандидаттар қатарында Виктор Фонт пен Тони Фрейша болды. Сайлау нәтижесі бойынша Лапорта 54,28 пайыз (30 184 дауыс) жинады. Виктор Фонтқа 29,99 (16 679), Тони Фрейшаға 8,58 (4 769) адам дауыс берген.

Еске салсақ, кеше түнде көптен күткен Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы матчтары өтті. "Барселона" өз алаңында париждік ПСЖ клубын қабылдап, ірі есеппен ойсырай жеңілді.

"Камп Ноу" стадионында өткен тартысты матчта есепті "Барселона" капитаны, әлемнің әйгілі футболшысы Лионель Месси 27-минутта ашты. Аргентиналық ойыншы он бір метрлік айып добынан мүлт кеткен жоқ.

Араға бес минут салып ойындағы есепті ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе теңестіріп кетті.

Қос команда өкілдері қанша шабуылдаса да бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның екінші жартысында Килиан Мбаппе командасын алға шығарды. 22 жастағы сұрмерген "Барселона" қақпашысы Тер Штегеннен 65-минутта айласын асырса, араға бес минут салып матчтағы есепті Мойзе Кин еселей түсті. Ойын 1:4 есебімен аяқталды.

Қарымта ойын 11 наурыз сағат 02:00-де өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1902386-barselonanyn-zana-prezidenti-sailandy/

pixel