Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойын жанкүйерлерсіз өтеді": Қазақстан мен Франция кездесуін қайдан көруге болады

Опубликовано:

Футбол алаңы
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Бүгін 28 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының "Астана Арена" стадионында Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Франция командасын қабылдайды. Қос құрама арасындағы кездесу жанкүйерлерсіз өтеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ФИФА ережелеріне сәйкес коронавирустық пандемиямен байланысты әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық матчтар көрермендерсіз өткізіледі.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша бүгін сағат 19:00-де "Астана Арена" стадионында басталатын ойын көрермендерсіз өтеді. Футбол сүйер отандастарымыз матчты "Qazsport, "Qazaqstan" телеарнасының тікелей эфирінде көре алады.

Қазақстан құрамасы үшін бұл 2022 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің алғашқы матчы болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 27 наурызда екі команда "Астана Арена" стадионында ойын алдындағы жаттығуларын өткізген болатын.

Аталған ойын елордадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Әкімдік азаматтардың назарына "Астана Арена" стадионы тұрғындар мен қонақтар үшін жабық болатындығын және ойынды іштен тамашалу және футболшылармен суретке түсу мүмкін болмайтындығын жеткізеді.

Бұдан бөлек, қала билігі футбол жанкүйерлері мен жастарды "Астана Арена" стадионына жиналмауға шақырды. Бүгін ол маңда полиция мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік жүргізетін болады. Олар жұрт көп жиналмас үшін жағдайды қадағалайды.

Сонымен бірге, әкімдік елордада коронавирусты жұқтыру қаупі әлі де жоғары екенін ұмытпауды еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1905035-oiyn-zankuierlersiz-otedi-qazaqstan-men-franciya-kezdesuin-qaidan-koruge-bolady/

pixel