Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлем чемпионатына шығу арманымыз": Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері сұқбат берді

Опубликовано:

Фото
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Украинамен болған матчтан кейін журналистердің көкейіндегі сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас бапкер баспасөз конференция барысында Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі туралы сөз қозғады.

"Бұл біздің арманымыз. Біз алдымызға осындай мақсаттар қойдық. Менің ойымша, әрдайым армандап, осы мақсатқа жету керек. Әлі жұмыс істеуді қажет ететін сәттер бар. Әйтеуір бір күні біздің команда Әлем чемпионатына қатысады деп айта аламын. Енді біз жұмыс істеп, ұпай жинауға тырысамыз", - деді Талғат Байсуфинов.

Сонымен қатар, жаттықтыру Франциямен өткен ойында қақпамызды қорғаған Александр Мокин туралы алып қашпа әңгімелерге нүкте қойды.

"Мокин туралы ақпарат әлеуметтік желіде есіп жүр. Біз бұл тақырыпты талқылайтын боламыз. Жақын арада бәрі түсінікті болады және шешімді Сашаның өзі қабылдайды. Ол кеше неге ойнамады? Себебі ол толық қалпына келіп үлгермеді. Біз онымен сөйлестік. Біз бәріміз ересекпіз - бәрін түсінеміз. Ол «Маруаұлы, мен жүз пайызға дайын емеспін» деді. Сондықтан мен Сашаға рахметімді айттым. Менің ойымша, Стас Покатилов өзін көрсете білді және бізде қақпашылар арасында керемет бәсекелестік бар", - деді бас бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, Украина мен Қазақстан арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1905860-alem-cempionatyna-sygu-armanymyz-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-bapkeri-suqbat-berdi/

pixel