Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәм сезбей қалдым": Жанқош Тұраров коронавирус жұқтырып шаршы алаңға шыға алмады

Опубликовано:

Жанқош Тұраров
Фото: prosports.kz

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров коронавирус жұқтырып алды. Салдарынан оның Дубайдағы жекпе-жегі өтпейтін болды деп хабарлайды Prosports.kz.

Бокс кешінің ұйымдастырушысы D4G Promotions Жанқош Тұраровтың жекпе-жектен бас тартқанын хабарлады.

"Бүгінгі турнирде өкінішке қарай өнер көрсете алмайтын болдым. Барлығы дүние жүзін жаулап тұрған короновирусқа байланысты. Дубайға келген күннен бастап ентігу, температура, мұрынның бітуі, дәм сезбеу симптомдары пайда болды. Турнирге шығар алдында міндеттелген ПЦР тест оң нәтиже көрсетіп, мені қонақ үй номерінде оқшаулады, салмақ өлшеу рәсіміне шығарылмауымның себебі осы болды.

Қайтадан ПЦР өткізуді өтіндік, өкінішке қарай бүгінгі нәтиже тағы да "оң" көрсетті. Айналама, қоршаған ортама деген жауапкершілікті сезіне отырып, коронавирустың тез жұқпалы екенін ескере отырып, турнирден шектетілдім", - деп жазды боксшы.

Аталмыш кештің басты айқасында Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулы үшін солтүстік ирландиялық Тайрон Маккеннаға қарсы жұдырықтасуы керек болатын.

Ал екінші қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет венесуэлалық Эбер Рондонға қарсы кездесуде өзіне тиесілі бірінші орта салмақтағы WBC International титулын қорғайды.

Дубайдағы бокс кешінің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1906120-dam-sezbei-qaldym-zanqos-turarov-koronavirus-zuqtyryp-sarsy-alanga-syga-almady/

pixel