Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккей төрешісі ойын барысында жеті тісінен айырылып қалды (видео)

Опубликовано:

Хоккей
Кадр: YouTube / Shargo

Хоккейден Финляндия чемпионатында төреші жеті тісінен айырылып қалды деп хабарлайды "УНИАН" ақпараттық агенттігі.

Оқыс жағдай ХПК мен "Юкурит" командалары арасындағы хоккей ойыны кезінде болған.

Төреші Юкка-Пекка Койстинен ойын барысында жарақат алып қалғандықтан, оны өзге төрешімен алмастыруға тура келген.

Белгілі болғандай, төрешінің бетіне шайба тиген. Соққының күшті болғаны соншалық, шайба төрешінің бірден 7 тісін жұлып кеткен. Оның төрт тісі толығымен жұлынып қалса, үші тісіне ішінара зақым келген.

Дәрігерлер төрешінің бас-миы шайқалып, жақ сүйектерінің сынып кетуі де мүмкін екендігін жоққа шығармады. Олар Юкка-Пеккақа көмек көрсету үшін оны ойын алаңынан алып кеткен.

Еске салсақ, бұған дейін "Ақтөбе" мен "Атырау" командаларының ойыншылары футзалдан ұлттық чемпионат матчы кезінде жаппай төбелес шығарғанын жазған едік.

Жаппай төбелес алаңда басталып, оған резервтегі ойыншылар да қосыла кеткен. Нәтижесінде "Атырау" шабуылшысы мен "Ақтөбе" голкипері әдепсіздік танытып, төрешілерге тіл тигізгендері үшін 5 матчқа дисквалификацияланды.

Одан бөлек, ресейлік ЦСКА клубында ойнаған қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов басына жасалған тізе соққысынан кейін есінен танып қалғанын жазған болатынбыз.

Футболшы матчты жалғастыра алмады, оның орнына алаңға Виктор Васин шықты. Кейін ЦСКА-ның бас бапкері Виктор Гончаренко Бахтиердің жағдайы туралы айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1906462-xokkei-toresisi-oiyn-barysynda-zeti-tisinen-aiyrylyp-qaldy-video/

pixel