Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Айдос Сұлтанғали
Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азия чемпионатының финалында Айдос Сұлтанғали ирандық Мехди Нижатты 8:4 есебімен жеңді. 

"Екінші кезеңде біраз қарқын ала бастадым. Басты мақсатым – қарсыласты төрттағанға қойып, ұпай алу еді. Есеп 3:3-ке жеткенде қарсы шабуыл жасап, 4 ұпай алдым. Осылайша, жеңіске жетіп, Азия алтынын иелендім. Өте қуаныштымын! Барлық жаттықтырушылар мен спарринг-әріптестеріме рахмет айтамын. Олар болмаса, еліміздің көк туын желбірету қиынға соғар еді" , - деді спортшы Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына берген сұхбатында.

Отандасымыз Алмат Кебіспаев 67 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Шешуші жекпе-жекте ол жапониялық спортшы Цучике Шимоямадеге есе жіберді. Есеп — 7:11.

Оған қоса, еске сала кетейік, күні кеше ғана тағы бір қазақстанзық спортшы Әсет Сұлтанғали 63 келіге дейінгі салмақта алтын жүлдені жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1907978-aidos-sultangali-grek-rim-kuresinen-aziya-cempiony-atandy/

pixel