Жомарт Тоқаев "Атырау" мен "Ақтөбе" арасындағы матч кезінде көз жасына ерік берді (видео)

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Sports.kz

Жомарт Тоқаев футзалдан "Атырау" мен "Ақтөбе" арасындағы Қазақстан чемпионатының плей-офф матчында көз жасына ерік берді деп хабарлайды Sports.kz.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, "Атырау" ойыншысы Жомарт Тоқаев командасы 3:5 есебімен жеңіліп жатқан уақытта ойын ережесін өрескел бұзып, қызыл қағаз алған.

Бұл сәттің видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Кадрдан ызаға булыққан жас футболшының жылап жібергенін байқау қиын емес.

Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін "қарша боратты". Олардың басым бөлігі жас спортшының намыстан жылағанын, ойын кезінде эмоцияға ерік берудің үйреншікті жағдай екенін жазған.

Сонымен қатар, өз ойын білдіргендердің арасында президентпен аттас футболшыны алаңнан қуған төрешіні "жүрекжұтқан судья" деп бағалағандар болды.

Кездесу "Атырау" "Ақтөбеден" 4:6 есебімен жеңілді. "Ақтөбеден" Эленилсон, Ақжол Тыныштықбаев, Асхат Құлбаев, Аршат Сәтжан, Витао (2) гол соқса, "Атырау" сапында Болат Сарбасов (2), Эрик Данило және Эвертон көзге түсті.

Осылайша топтамадағы есеп 2-1 нәтижесімен "Ақтөбенің" пайдасына шешілді. Топтамадағы ойындар командалардың біреуі үш рет жеңіске жеткенге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1908990-zomart-toqaev-atyrau-men-aqtobe-arasyndagy-matc-kezinde-koz-zasyna-erik-berdi-video/