Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 жастағы боксшы әлем чемпионатындағы жекпе-жектен кейін көз жұмды

Опубликовано:

Боксшы
Көрнекі фото: piqsels.com

Иорданиялық боксшы Рашед Аль-Свайсат осы айдың басында Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында эстониялық Антон Виноградовпен өткен жекпе-жектен кейін ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның өмірі үшін ұзақ уақыт күресті, алайда спортшыны құтқара алмады деп хабарлайды zakon.kz.

Басылым мәліметінше, 19 жастағы боксшы Польшадағы жекпе-жектен кейін 10 күн өткен соң көз жұмды. Жас былғары қолғап шеберінің минына ота жасатқаны белгілі болды.

Рашед Аль-Сваисат 16 сәуірде жастар арасындағы әлем чемпионатында Антон Виноградпен өткен жекпе-жектің үшінші раундында есінен танған.

Оған рингте алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тез арада операция жасату үшін ауруханаға жедел жеткізілді.

Халықаралық бокс федерациясы Рашед Аль-Сваисаттың өмірден өтуіне байланысты оның жақындарына қайғыра көңіл айтты.

Ал Польшаның полициясы спортшының өліміне қатысты тексеріп жұмыстарын бастап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1910077-19-zastagy-bokssy-alem-cempionatyndagy-zekpe-zekten-keiin-koz-zumdy/

pixel