Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күтпеген шешім": Азия чемпионатындағы қазақ боксшысының жеңілісі күмән тудырды (видео)

Опубликовано:

Сабырхан Махмұд
Сабырхан Махмұд: olympic.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты басталды. Олимпиада қарсаңындағы турнирге Ғалымбек Кенжебаев бастаған Қазақстан командасы да қатысуда. Бірінші жарыс күнінде екі қазақстандық боксшы ұтылып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алғаш болып шаршы алаңға шыққан Сабырхан Махмұд үндістандық Мохаммад Хассан Уддиннен 5:0 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу барысында қарсыласынан әлдеқайда қарымды көрінген Сабырханның дәл бұлай жеңіліске ұшырауы жанкүйерлердің ашуын келтірді.

Қазақстандық бокс жанкүйерлері төрешілердің әділетсіздігін айтып, әлеуметтік желілерде пікірлер қалдыруда.

Сабырхан Махмұд ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы.

Сондай-ақ, 60 келіде сынға түскен Серік Теміржанов та бірінші айналымда қарсыласына есе жіберді. Ол ирандық спортшыдан ұтылған. Еске сала кетейік, Серік Теміржанов Токио Олимпиадасына жолдама алған сегіз боксшының қатарында.

Бүгін шаршы алаңға шыққан қазақстандықтар арасынан Закир Сафиуллин (64 келі) мен Әбілхан Аманқұл (75 келі) ғана келесі айналымға өтті.

Сафиуллин ирандық боксшыны жеңсе, Әбілханның қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Еске сала кетейік, Дубайдағы Азия чемпионатының жеңімпаздарына Халықаралық бокс федерациясы (АІВА) 10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындауда. Одан бөлек, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев та чемпиондарға он мың доллардан сыйақы бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1914178-kutpegen-sesim-aziya-cempionatyndagy-qazaq-bokssysynyn-zenilisi-kuman-tudyrdy-video/

pixel