Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Оспанов америкалық промоушндегі алғашқы жекпе-жегінде ауыр нокаутпен жеңілді (видео)

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Sports.kz

Белгілі файтер Арман Оспанов Professional Fighters League америкалық промоушнде алғашқы кездесуін өткізді. Аралас жекпе жек шебері Атлантик-Сити PFL 4 турниріне қатысты деп хабарлайды Sports.kz.

Оның қарсыласы "Лонг-Айленнің жан алғышы" лақап атымен танылған америкалық Крис Уэйд болды.

Спортшының осыған дейін UFC-де өнер көрсеткені жанкүйерлерге белгілі. Америкалық аралас жекпе жек шебері әлемнің ең мықты лигасында жеті айқас өткізген.

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Арман Оспанов пен Крис Уэйдтың кездесуі үш раундқа жоспарланған еді. Алайда айқас екінші раунда америкалық файтердің жеңісімен аяқталды. Ол Арман Оспановты нокаутқа түсірді.

Осылайша, Арман Оспанов PFL промоутерлік лигасын жеңіліспен бастады. Жалпы, бұл қазақстандықтың кәсіби мансабындағы төртінші жеңілісі. Ал Крис Уэйдке келетін болсақ, файтер он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1917164-arman-ospanov-amerikalyq-promousndegi-algasqy-zekpe-zeginde-auyr-nokautpen-zenildi-video/

pixel