Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Геннадий Головкиннен кейінгі екінші боксшы кім

Опубликовано:

Гена11
Фото: instagram.com/gggboxing

Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев пен Қазақстанның ММА және панкратион федерациясының президенті Айдар Махметов Sports True Youtube каналына берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлының қазақстандық боксшылар рейтингіндегі позициясын айтты деп хабарлайды Sports.kz.

Еске сала кетсек, өткен аптаның соңында Жәнібек Әлімханұлы мен Роб Бранттың 10 раундқа жоспарланған кездесуі мезгілінен бұрын аяқталды. Әлімханұлы 8 раунд бойы қарсыласына жойқын соққыларын дарытып, тіпті алтыншы раундта Брантты нокдаунға жіберді.

Ал 9-раунд басталар тұста Роб Брант кездесуді әрі қарай жалғастырудан бас тартты. Осылайша, жеңіс Жәнібек Әлімханұлына берілді.

"Аталған жекпе-жектен кейін ол Геннадий Головкиннен соң екінші орында тұр. Елімізде Жәнібектен бөлек Айдос Ербосынұлы бар, бірақ ол бұрынғы әлем чемпиондарымен әлі кездескен жоқ және былғары қолғап шеберінің соңғы жекпе-жегі коронавирус пандемиясының кесірінен өткен жоқ. Сондықтан Әлімханұлы қазіргі уақытта екінші орында тұр деп санаймын", - дейді Кенжебаев.

Сонымен қатар, бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Жәнібектің GGG бағындырған белестерге жететініне сенімді.

Еске сала кетейік, осыған дейін BoxRec басылымы боксшылардың салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингін жариялап еді.

Өткен аймен салыстырғанда рейтингте айтарлықтай өзгеріс бола қоймаған. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үздік бестіктегі орнын сақтап қалған. BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшылар рейтингі келесідегідей:

1. Сауль Альварес (Мексика);

2. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);

3. Теренс Кроуфорд (АҚШ);

4. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);

5. Геннадий Головкин (Қазақстан);

6. Эррол Спенс-кіші(АҚШ);

7. Деонтей Уайлдер (АҚШ);

8. Теофимо Лопес (АҚШ);

9. Джермалл Чарло (АҚШ).

10. Сергей Ковалев (Ресей).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1920186-qazaqstanda-gennadii-golovkinnen-keiingi-ekinsi-bokssy-kim/

pixel