Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио Олимпиадасында Қазақстан бірде-бір эстафетаға қатыспайды

Опубликовано:

Жүрігу
Көрнекі фото: pexels.com

Жеңіл атлетика мен жүзуден іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы эстафеталық жарыстарда Токио Олимпиадасына бірде-бір лицензия ала алмады деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық жүзушілер Дмитрий Баландин, Александр Варакин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай 4х100 м аралас эстафетасында Токиоға жолдама алуға үміткер болған, бірақ Қазан қаласында өткен Ресей ашық чемпионатында олар жалғыз мүмкіндікті жіберіп алған.

Сөйтіп, Қазақстан жүзуден үздік 16 құраманың қатарына ене алмады, негізі ел тарихында мұндай мүмкіндік бірінші рет туған еді.

Дәл осындай жағдай жеңіл атлетикада да қайталанды. 4х100 м эстафетасында ерлер құрамасы 39,70 секунд нәтижесімен 46-орынға ғана тұрақтады.

4х400 м эстафетасында да Қазақстан үздік 16 ел қатарынан көріне алмады. Еліміз 3:20.73 нәтижесімен 34-орынға тұрақтады.

Әйелдер арасында қазақстандықтар 4х100 м эстафетасында жолдама алуға жақын болған, дегенмен 43.36 нәтижесімен 19-орын алған отандастарымыздың алдын Бразилия орап кеткен.

4х400 м аралас эстафетасында да Қазақстан 34-орынға тұрақтады. Уақыт көрсеткіші – 3:20.73.

Айта кетейік, төрт жыл бұрын Рио Олимпиадасында әйелдер 4х100 м эстафетасында ел намысын қорғаған болатын.

Командалық спортқа келер болсақ, Қазақстан бұл сында күш сынасуға дайын. Ерлер арасындағы су спорты турнирінде, сондай-ақ ерлер арасындағы командалық садақ ату жарысында спортшыларымыз бақ сынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1920221-qazaqstan-quramasy-estafetalyq-zarystarda-tokio-olimpiadasyna-birde-bir-licenziya-ala-almady/

pixel