Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 жастағы бала шахматшы тарихындағы ең жас гроссмейстер атанды

Опубликовано:

шахматшы бала1
Абхиманю Мишра. Фото: lenta.ru

АҚШ-тың Нью-Джерси штатының тумасы Абхиманю Мишра 12 жасында гроссмейстер атағына ие болды. Ол ресейлік шахматшы Сергей Карякиннің рекордын жаңартты деп хабарлайды prosports.kz.

Абхиманю Эло рейтингісі бойынша 2500 ұпай жинап, титулға қол жеткізу үшін үшінші норманы орындағаннан кейін гроссмейстер деп танылды.

Рекорд 30 маусымда сәрсенбіде Будапешттегі Vezerkepzo GM Mix турнирі кезінде тіркелген.

Жасөспірім шешуші сайыста үндістандық Леон Мендоканы жеңген.

"14 ай бойы менің жоспарларыма бөгет болған ең басты қарсыласым - пандемияны жеңе алдым. Барлығыңызға қолдау көрсеткендіңіз үшін алғыс білдіремін. Әлемдік доданы асыға күтемін", - дейді ол.

Абхиманю шахматтағы ең жоғарғы атаққа 12 жас, төрт ай, 25 күнде ие болып отыр. Бұған дейінгі рекорд шахматшы Сергей Карякинге тиесілі еді, ол 2002 жылы 12 жас жеті айында гроссмейстер атанған.

2009 жылы дүниеге келген Мишра жеті жасында АҚШ шахмат федерациясының сарапшысы болды, тоғыз жасында ең жас ұлттық шебер, ал 10 жасында халықаралық шебер атағын алған.

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық "вундеркинд" бала атанған 16 жастағы Абзал Мыраш АҚШ-тың Нотр-Дам университетінің компьютерлік ғылым және инженерия факультетінің магистратурасына түскенін жазған едік.

Осылайша ол АҚШ-тағы ең жас магистрант атанды.

Одан бөлек, Токио Олимпиадасына қатысатын 12 жастағы британиялық спортшы жайлы хабарлаған болатынбыз. Скай Браун скейтбордингтен сынға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1920919-12-zastagy-bala-saxmatsy-tarixyndagy-en-zas-grossmeister-atandy/

pixel