RU

Макгрегор Порьемен өткен кездесуде аяғын сындырып, жеңіліске ұшырады (видео)

Конор Макгрегор
Конор Макгрегор. Фото: Gettty Images/ Icon Sportswire / Contributor

Бүгін, 11 шілде күні Лас-Вегаста UFC 264 турнирі өтті. Оның басты оқиғасы Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы үшінші жекпе-жек болды деп жазады Sports.ru.

Бірінші раундта Порье тейкдаун жасап, қарсыласын партерде ұстау арқылы алға шықты. Раундтың соңына бірнеше секунд қалғанда Конор сүрініп кетіп, аяғын сындырып алды.

Осылайша, Порье техникалық нокаутпен жеңді.

"Мен оның лоу-киктерінің бірін ұстап қалдым. Сол уақытта аяғынан бір шертпекті сездім. Бұл бірінші раундтың соңына жетпей тұрып болды. Ол мені октагонда өлтіремін деген еді. Бұл құлаққа кірмейді. "Карма"- айна. Арасында мұндай да болып тұрады",- дейді Порье.

Бұл америкалықтың мансабындағы 28- жеңісі. Оның қоржынында алты жеңіліс бар. Ал ирландиялық алтыншы жеңілісіне ұшырады, бірақ оның жеңісі аз, тек 22.

Айта кетейік, бұл қарсыластардың үшінші кездесуі. 2014 жылы алғашқы жекпе-жекте Конор Макгрегор Порьені нокаутқа жіберу арқылы жеңген еді. Ал 2021 жылы америкалық реванш алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1921863-makgregor-poremen-otken-kezdesude-ayagyn-syndyryp-zeniliske-usyrady-video/