Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио Олимпиадасы: Отандық спортшылар қай күндері сынға түседі

Опубликовано:

Олимпиада
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында қай күндері сынға түсетіні белгілі болды. Olympic.kz Олимпиада ойындарының жарыс кестесін назарға ұсынды.

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратына сәйкес, отандық спортшылар барлығы 96 жолдамаға ие болған.

"Төртжылдықтың басты додасы саналған ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының басталуына небәрі 11 күн қалды. Қазақстан Олимпиадалық құрамасы 27 спорт түрінен барлығы 96 жолдама жеңіп алды", - деп жазылған Olympic.kz сайтында.

Сонымен Олимпиада ойындарының жарыс кестесі келесідегідей:

Айта кетсек, жүзуден ұлттық құраманың бас бапкері Олег Вагизов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында спортшылардың Токио Олимпиадасына дайындығы туралы айтып берген болатын.

"Әрине, Олимпиада ойындары қарсаңында спортшылардың өздері, жаттықтырушылар мен команда мамандары өздерінің маңызды додаға сақадай сай болып, жоғары дәрежеде түпкілікті дайын болып баруы үшін барлық күш-жігерін салады.

Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күн қалды. Токио Олимпиадасында дайындық кезеңінің негізгі бөлігін орындадық. Енді жүзу техникасын жетілдіру, бәсекеге қабілеттілік пен шартты дайындық бойынша егжей-тегжейлі жұмыс істеп жатырмыз. Жасалған жұмыстардың нәтижиесі Олимпиада ойындарында белгілі болады.

Жасыратыны жоқ, Дмитрий Баландинге үміт артып отырмыз. Ол 100 және 200 м қашықтықты брасс әдісімен жүзу бойынша қатысады. Басты мақсат - Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиаданың жетістігін қайталау", - деген еді Вагизов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1921893-tokio-olimpiadasy-otandyq-sportsylar-qai-kunderi-synga-tusedi/

pixel