Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" Алматыда "Маккабиді" жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты (видео)

Опубликовано:

Қайрат
Фото: fckairat.com

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің екінші матчында Хайфаның "Маккабинін" жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тартысты матч Алматы қаласының Орталық стадионында өтті.

Алғашқы ойында бірде бір есебімен тең ойнаған ұжымдар қарымта кездесуге тыңғылықты дайындалып келгенін көрсетті.

Алаң иелері ойынды алғашқы минуттардан белсенділік танытып, 10-минутта "Қайраттың" бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав есеп ашты.

Осыдан кейін Хайфаның "Маккабиінде" де гол соғатын бірнеше мүмкіндікке ие болды. Алайда бірінші тайм осы есеп өзгерген жоқ.

Матчтың екінші жартысында "Қайрат" есепті еселеді. Қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланған алматылықтардың жартылай қорғаушысы 66-минутта гол ұрды.

Осылайша, "Қайрат" Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, командалардың алғашқы кездесуі Хайфадағы "Самми Офер" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталған болатын. Ол матчта Омар Атсили ("Маккаби") мен Нұрәлі Әліп ("Қайрат") көзге түсті.

Алматылық клубтың келесі кезеңдегі қарсыласы серб футболының алпауы - "Црвена Звезда" болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1922479-qairat-almatyda-makkabidi-zenip-cempiondar-ligasynyn-kelesi-kezenine-syqty-video/

pixel