RU

Токио Олимпиадасына келген 20 жастағы спортшы із-түзсіз жоғалып кетті

Угандалық спортшы
Угандалық спортшы: 24.kz

Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға келген Уганда командасының мүшесі із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды

Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға келген Уганда командасының мүшесі әлі табылмай жатыр. 20 жастағы ауыр атлеттің қалай жоғалып кеткені белгісіз.

Уганданың олимпиадалық құрамасы Жапонияның оңтүстігіндегі Осака префектурасына уақытша жайғасқан. Жергілікті әкімшіліктің хабарлауынша, олар 20 жастағы ауыр атлетпен әлі де байланыса алмай жатыр.

Kyodo агенттігінің хабарлауынша, зілтемірші ауыр атлетикадан іріктеу кезеңін жіберіп алған. Осылайша, келесі аптада өз еліне қайтуға міндеттелген болатын.

Қазіргі таңда жергілікті билік пен полиция спортшыны іздеу шараларын жалғастыруда. Әзірге, қандай да бір нәтиже жоқ.

Айта кетелік, бұған дейін Уганда командасындағы екі адамнан коронавиусты инфекция анықталған болатын.

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына 23 шілде күні басталады. Төртжылдық додасы 9 тамыз күні мәресіне жетеді.

Олимпиада ойындары 2020 жылы өткізілуі тиіс болатын. Алайда, әлемдегі коронавирусты инфекцияға байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті мен Жапония билігі мультиспорттық доданы 2021 жылдың жазына ауыстырды.

Токио Олимпиадасы көрермендердің қатысуынсыз өтеді. Жарысқа жергілікті жанкүйерлер де, шетелден келген қонақтар да жіберілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1922813-tokio-olimpiadasyna-kelgen-20-zastagy-sportsy-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti/