Токио-2020: Алғашқы жарыс күнінің бағдарламасы

Опубликовано:

Садақ ату
Көрнекі сурет: olympic.kz

23 шілдеде Жапония астанасы Токиода жанкүйерлер асыға күткен XXXII жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы күні өтеді. Алғашқы жарыс күнінің кестесін olympic.kz назарға ұсынды.

Бір жылға кейінге шегерілген 2020 жылғы Олимпиада ұйымдстыру комитетінің, Халықаралық Олимпиада комитетінің және Жапония билігінің талап-ережелеріне сай өткізіледі.

Нұр-Сұлтан және Токио қалаларындағы уақыт айырмашылығы +3 сағатқа тең. Ойынның алғашқы жарыс күнінде садақ атудан үш қазақстандық спортшы және академиялық есуден Қазақстан командасының өкілі іріктеу кезеңін бастайды.

Сонымен, олимпиаданың алғашқы күніндегі қазақстандық спортшылардың Нұр-Сұлтан уақытымен жарыс кестесі келесідегідей:

Садақ ату бойынша ерлер арасында ел намысын Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин қорғайды. Басталуы: 10:00.

Ал академиялық есуден іріктеуде Владислав Яковлев Қазақстан намысын қорғайды. Жарыс сағат 5:30-да басталатыны хабарланды.

Токио Олимпиадасында әлемнің 200 мемлекетінен келген 11 мыңға жуық спортшы спорттың 33 түрінен бақ сынайды. Атлеттер жалпы есебі 339 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 17:00-де басталады.

Еске салсақ, бұған дейін Олимпиада ашылуынан бір күн бұрын Токиода коронавирус жұқтырудан жаңа антирекорд тіркелгенін жазған едік.

Одан бөлек, "Хабар" телеарнасы Токиодағы Олимпиада ойындарын тікелей эфирден көрсететінін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1923553-tokio-2020-algasqy-zarys-kuninin-bagdarlamasy/