Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиаданың алғашқы жарыс күні: Яковлев іріктеудің бірінші айналымын үшінші орынмен аяқтады

Опубликовано:

Есу
Фото: Сали Сабиров/Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Токиодағы Олимпиада ойындарында академиялық есуден ерлер мен әйелдер арасындағы іріктеу сыны басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан командасының өкілі Владислав Яковлев іріктеудің бірінші айналымын үшінші орынмен аяқтады. Оның уақыт көрсеткіші - 7:10.08.

Іріктеудің бірінші айналымында Даниялық Сверре Нильсен көш бастады. Екінші орынды Дженнаро Альберто ди Мауро иеленген.

Еске сала кетсек, Бір жылға кейінге шегерілген 2020 жылғы Олимпиада ұйымдастыру комитетінің, Халықаралық Олимпиада комитетінің және Жапония билігінің талап-ережелеріне сай өткізіледі.

Нұр-Сұлтан және Токио қалаларындағы уақыт айырмашылығы +3 сағатқа тең.

Ойынның алғашқы жарыс күнінде садақ атудан үш қазақстандық спортшы және академиялық есуден Қазақстан командасының өкілі іріктеу кезеңін бастайды.

Сонымен, олимпиаданың алғашқы күніндегі қазақстандық спортшылардың Нұр-Сұлтан уақытымен жарыс кестесі келесідегідей: Садақ ату бойынша ерлер арасында ел намысын Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин қорғайды. Басталуы: 10:00.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923578-olimpiadanyn-algasqy-zarys-kuni-yakovlev-irikteudin-birinsi-ainalymyn-usinsi-orynmen-ayaqtady/

pixel