Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жазғы Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетілетін болды

Опубликовано:

Токио Олимпиадасы11
Фото: instagram.com/olympics

Бүгін Токиода бастау алатын XXXII Жазғы Олимпиада ойындары елімізде тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"XXXII жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық "Dentsu Inc." компаниясымен келіссөздердің нәтижелі аяқталғанын хабарлаймыз.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Хабар" агенттігі" АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарын "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрінен 97 лицензия бар. Телеарналардағы олимпиадалық жарыстар кестесі қосымша жарияланады", - деп мәлімдеді "Қазақстан" РТРК" АҚ.

Еске сала кетсек, XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 17.00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарын көрсетілмеуі мүмкін екенін хабарлаған едік.

"Қазақстан" РТРК" АҚ мұның себебін құқық иесінің лицензия бағасын 2016 және 2018 жылдардағы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда 123 пайызға қымбатқа ұсынуымен түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923671-elimizde-zazgy-olimpiada-oiyndary-tikelei-efirde-korsetiletin-boldy/

pixel