Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші жүлде: Ауыр атлет Игорь Сон Токио Олимпиадасының қоласын иеленді

Опубликовано:

Игорь Сон
Игорь Сон: olympic.kz, Тұрар Қазанғапов

Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ауыр атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақта қола жүлде жеңіп алды.

Игорь жұлқа көтеруде 131 келіні, серпе көтеруде 163 келіні көтерді. Қоссайыс нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлет 394 келіні көрсетті.

Алтын медальды әлем рекордын жаңартқан қытайлық Ли Фабин иеленді. Оның көрсеткіші - 313 келі.

Күміс жүлдені 302 келіні көтерген индонезиялық Эко Юли Ирован еншіледі.

Айта кетелік, бұл Игорь Сонның ересектер арасындағы ең үлкен нәтижесі. Бұған дейін ол әлемдік жарыстарда айтарлықтай көрсеткішімен көзге түспеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923824-ekinsi-zulde-auyr-atlet-igor-son-tokio-olimpiadasynyn-qolasyn-ielendi/

pixel