Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балам мен енемнің рұқсатын алдым": Галиб Жафаровтың бапкері 58 жасында үйленіп, той жасады

Опубликовано:

Әлімбек Балмағамбетов
Фото: NUR.KZ

Бокстан 2003 жылғы әлем чемпионы Галиб Жафаровты және бірнеше мәрте жеңімпаз Азамат Бекетті дайындаған танымал ақтөбелік бапкер Әлімбек Балмағамбетов екінші мәрте шаңырақ көтерді. Бұл туралы 58 жастағы жаттықтырушы KAZ.NUR.KZ тілшісіне мәлімдеді.

Еліміздегі таңдаулы бапкерлердің бірі саналған Әлімбек Балмағамбетовтың жұбайы Жаңылсын бастуыш сынып мұғалімі.

"Менің жұбайым төрт жыл бұрын қайтыс болған. Қазір өзіме серік болатын жан жолдасымды таптым. Кеше шағын той жасап, заңды некеге тұрдық. Ол - бастауыш сынып мұғалімі. Бұрын тұрмыста болмаған.
Менің де, оның да руы - қожа. Байғанин жағының қызы. Өзіміз осындай келісімге келдік. Балаларымның рұқсатымен, бұрынғы енемнің де алдынан өтіп, батасын алдым",- дейді ол.

Балмағамбетов еңбек жолын 1989 жылы ауданнан бастап, ауылдан Олимпиада чемпионын шығара білді.

Бапкер үш баланың әкесі, екі немересі бар. Балаларының алды 35 жасқа толса, кішісі 22 жаста.

Айта кетейік, Әлімбек Балмағамбетов 1997-2008 жылдар аралығында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында бапкер болған.

Одан бөлек, Әлем және Азия чемпионы, екі Олимпиаданың қатысушысы (2004, 2008) қатысушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Галиб Жафаровты жаттықтырған.

Сондай-ақ Қазақстан чемпионы, ТМД Спартакиадасының жеңімпазы, Орталық-Азия ойындарының күміс жүлдегері, халықаралық санаттағы спорт шебері Азамат Бекетті тәрбиелеген.

Әлімбек Балмағамбетов
Фото: NUR.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1923830-galib-zafarovtyn-58-zastagy-bapkeri-aqtobede-uilenu-toiyn-durkiretip-otkizdi/

pixel