Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кезекті жеңіс: Боксшы Зәкір Сафиуллин қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

Опубликовано:

Зәкір Сафиуллин
Фото: olympic.kz

Қазақстандық бокшсы Зәкір Сафиуллин Токиодағы Олимпиаданы сәтті бастады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

63 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз алғашқы айналымда перулік Леодан Пезо Сабойюді төрешілерің шешімімен жеңді.

Есеп: 30-27, 30:27, 30:27, 29:28, 29:28.

Келесі айналымда Зәкір Дайсуке Наримацу (Жапония) - Мбайя Мулуба (Конго) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.

Еске сала кетсек, кеше қазақстандық бокшсы Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген еді.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Серік Теміржанов алғашқы айналымда венгриялық Роланд Галошпен кездескен болатын.

Аталған кездесуде Теміржанов қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Ол жекпе-жек барысында екі рет есеп ашып, қарсыласын нокдаунға жіберді.

Төрешілер де Серіктің айқын басым болғанын мойындады. Бес төрешінің барлығы да жеңісті Теміржановқа берген.

Осылайша, Теміржанов қазақстандық боксшылардың Токио Олимпиадасындағы жеңісті жолын бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1923837-kezekti-zenis-bokssy-zakir-safiullin-qarsylasyn-aiqyn-basymdyqpen-utty/

pixel