Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сен үшін бәрін істеймін": Олимпиада жүлдегері Игорь Сонның сүйіктісі туралы не білеміз

Опубликовано:

Алина және Игорь Сон
Алина және Игорь Сон: Instagram

Ауыр атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Игорь Сон Токио Олимпиадасында күтпеген жерден қола жүлдегер атанды. Көпшілік мамандар мен жанкүйерлер Сонның жүлде алатынына сенбеген еді. Осы орайда, KAZ.NUR.KZ талантты спортшының отбасы мен оның басты жанкүйері – жұбайы Алина Сон туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Игорь Сон 1998 жылы 16 қарашада Алматы облысының Үштөбе ауылында дүниеге келген. Ол ересектер арасына өткен соң өзі қатысқан ең алғашқы ірі жарыс – Паттайядағы әлем чемпионатында үздік үштікке ілікті. Алайда, бұл кезде спортшы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг дауына байланысты қазақстандық спортшылардың басым бөлігін Олимпиадаға қатыстырған жоқ. Тек Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға ғана шақырту жіберді. Осы мүмкіндікті сәтті пайдаланған Игорь Олимпиаданың қоласын еншіледі.

Игорь Сонның жұбайы – Алина Сон. Ол да спорттан құралақан емес. Алина кәсіби волейболшы. Ол бұрын «Жетісу» командасында ойнаса, қазір Жоғары лигада сынға түсетін «Тараз» клубының намысын қорғауда.

«Осы адам үшін мен жарты жолда тоқтамаймын. Қанша еңбек кетті. Енді менің жаттығуға жаңа мотивациям бар. Тек алға басу керек», - деп жазды Игорь әлеуметтік желіде әйелі туралы.

«Менің күйеуім әлемдегі ең жақсы адам. Сенімен мақтанамын!» деп жазды Алина.

Айта кетелік, Игорь Сон Токио Олимпиадасындағы Қазақстанның екінші медалін иеленіп отыр. Ол ауыр атлетикадан 61 келіге дейінгі салмақта Токио ойындарының қола жүлдегері атанды. Сон қоссайыс қорытындысы бойынша 294 келіні бағындырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923929-sen-usin-barin-isteimin-olimpiada-zuldegeri-igor-sonnyn-suiiktisi-turaly-ne-bilemiz/

pixel