Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасының екінші кезеңінде жеңіліске ұшырады

Опубликовано:

теннис
Фото: olympic.kz

Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Михаил Кукушкин Токиодағы жарысты аяқтады. Ол екінші айналымда жеңіліске ұшырады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол АТР рейтингінде 66-шы орында тұрған Беларусь спортшысы Илья Ивашкомен кездескен болатын. 

Екеуара матч 2 сағат 25 минутқа созылып, Кукушкин 1:2 есебімен қарсыласқа есе жіберді. 

Илья Ивашко қазақстандық Михаил Кукушкинді 6:7, 6:3, 6:3 есебімен ұтты. 

Осылайша, теннистен Қазақстан командасының тағы бір спортшысы Токио ойындарын мерзімінен бұрын аяқтады. 

Еске сала кетсек, бұған дейін бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Токио ойындарын аяқтағанын жазған едік. 91 келідегі Василий Левит қарсыласынан нокаутпен ұтылған.

Василий Левит Токио Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін испаниялық Эммануэль Рейеске қарсы өткізді. Рейес Испания намысын қорғайтын кубалық боксшы.

Екі спортшының арасындағы жекпе-жек небары бір жарым раундқа созылды. Бірінші раундта төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Испания өкіліне берген. Екінші раунд басталған тұста қарсыласының ауыр соққы алған Левит құлап қалды.

Төрешілер алдымен нокдаун есептеп, кейін нокаут болғанын анықтады да, кездесу тоқтатылды. Осылайша, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Токиодағы турнирден жүлдесіз қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924219-mixail-kukuskin-tokio-olimpiadasynyn-ekinsi-kezeninde-zeniliske-usyrady/

pixel