RU

"Жаппай жеңілуде": Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токиода бірінші кезеңнен аса алмады

Бекзад Нұрдәулетов
Фото: olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Бокстан Қазақстан командасының төртінші өкілі Токио Олимпиадасын аяқтады. Бұл жолы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бекзад бірінші кездесуде ресейлік Имам Хатаевқа қарсы шыққан болатын.

Өкінішке қарай, 2019 жылғы әлем чемпионы саналатын Бекзад Нұрдәулетов қарсыласынан айласын асыра алмады.

Төрешілер 4:1 есебімен Имам Хатаевты жекпе-жек жеңімпазы деп таныды.

Әлем чемпионы үшін Токио Олимпиадасы бір ғана кездесумен аяқталып отыр.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшылар Токио төрінде жаппай жеңіліске ұшырауда. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Серік Теміржанов (57 келі) және Василий Левит (91 келі) Олимпиадамен қоштасқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1924334-zappai-zenilude-alem-cempiony-bekzad-nurdauletov-tokioda-birinsi-kezennen-asa-almady/