Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мақсатым – інімді аяққа тұрғызу": Олимпиада жүлдегері Сон мемлекет сыйақысын қайда жұмсамақ

Опубликовано:

ауыр атлетика
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон мемлекеттен алатын сыйақысын қайда жұмсайтынын жеткізді. Оның қазіргі басты арманы – науқас інісін аяққа тұрғызу деп хабарлайды Азаттық рухы.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарынан чемпион болған спортшылардың әрқайсысына мемлекет 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындаған. Екінші орынға 150 мың, ал қола жүлдемен оралған спортшыларға 75 мың доллардан береді.

Игорь Сон мемлекеттен берілетін сыйақыны інісінің ем-домына жұмсамақ.

"Мемлекет беретін сыйақыны інімнің еміне жұмсаймын. Басты мақсатым – інімді аяққа тұрғызу. Інім ДЦП-мен (балалардың церебральды сал ауруы) ауырады. Қазіргі уақытта інім, ата-анам, ағам, бәрі Оңтүстік Кореяда, емделіп жатыр" - деді Олимпиада жүлдегері.

Оның айтуынша, Токио төріндегі ауыр атлеттердің бәсекесі әділ, әрі өте қатал өткен.

Ал ауыр атлетикадан жаттықтырушы Меңдіхан Тәпсірұлы болса Зүлфия Чиншанлоға жарыс кезінде психологиялық кедергі жасалғанын жасырмады. Төрешілердің теріс әрекетіне бапкерлер мен басшылар ықпал жасай алмаған.  Бәсеке барысында төрешілер қазақстандық спортшылардың мүмкіндігін есепке алмай қойған.

"Төрешілердің асыра сілтеуі байқалды. Спортшылардың сәл ғана теріс қозғалысын үлкенге айналдырып, спортшыларға мүмкіндігін толық көрсетуге кедергі жасады. Ол, әсіресе Зүлфия Чиншанлоның жарыс жолында байқалды. Серпе көтеру, жұлқа көтеру болсын бірінші мүмкіндігінде олардың алған-алмағын бірден есепке алмай, спортшылардың мүмкіндігін толық көрсетуге психологиялық тұрғыда кедергі жасағаны бар. Бас бапкеріміз Бақыт Ахметов видео қайталауды қараған. Сонда да төрешінің шешімі өзгермеді. Өкінішке қарай, біздің оған құзыретіміз жүрмейді. Қанағаттанбасақ та ештеңе өзгермейді", - деді ол.

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиада ойындарының үш қола медалі бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924828-maqsatym-inimdi-ayaqqa-turgyzu-olimpiada-zuldegeri-son-memleket-syiaqysyn-qaida-zumsamaq/

pixel