Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жартылай финалға өткен Қоңқабаев: Екінші раундтан бастап қателіктер кетті

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Токио Олимпиадасының ширек финалындағы жекпе-жегінен соң журналистер сұрағына жауап берді деп жазады Olympic.kz

"Бірінші раунд ойдағыдай өтті. Екінші раундтан бастап қателіктер кетті. Лас боксқа ден қойып кеттім. Енді осы олқылықтардың орнын толтыруға тырысамын. Алдыңғы қолмен дұрыс жұмыс істемедім. Болар іс болды, бастысы - жартылай финалға өту. Келесі қарсыласымды танимын, бірақ кездеспегенмін. Енді бар ойым мен күшімді келесі жекпе-жекке жұмсаймын", - деді Қамшыбек. 

Естеріңізге сала кетсек, 1/4 айналымда Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовті 4:1 есебімен ұтқан болатын.

Бірінші раундтан бастап алға қадам басқан отандасымыз қарсыласына айла қалдырған жоқ. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Жартылай финалда Қамшыбек америкалық жас спортшы Ричард Торрессонмен жұдырықтасады.

Айта кетелік, Қамшыбек Қоңқабаев Қазақстан сапынан Токио Олимпиадасының жартылай финалына жеткен алғашқы боксшы.

Бұған дейін бес қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды. Енді Сәкен Бибосынов (52 келі) пен Закир Сафиуллин (63 келі) ширек финалдық кездесулерін өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1924963-zartylai-finalga-otken-qonqabaev-ekinsi-raundtan-bastap-qatelikter-ketti/

pixel