Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: Бүгін қазақстандық спортшылар алты спорт түрінен сынға түседі

Опубликовано:

Олимпиада
Көрнекі сурет: pixabay.com

Токиодағы Олимпиада ойындарының оныншы күнінде қазақстандықтар алты спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін спортшыларамыз байдарка мен каноэде есу, жеңіл атлетика, нысана көздеу, грек-рим күресі, әртістік жүзу және су добында сынға түседі.

Сонымен қатар бұл күні әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев грек-рим күресінен ел намысын қорғайды.

2 тамыздағы сайыстар кестесі, басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен.

Байдарка мен каноэде есу

Бірінші кезең

6:58. Әйелдер. Байдарка-жекелей. 200 м

Наталья Сергеева

7:05. Ерлер. Каноэ-жұптық, 1000 м

Тимофей Емельянов, Сергей Емельянов

Жеңіл атлетика

7:30. Бірінші кезең. 200 м. Әйелдер.

Ольга Сафронова

Нысана көздеу

8:30. 50 м, үш позицияда винтовка. Ерлер. Іріктеу.

Юрий Юрков

Грек-рим күресі

8:30. 1/8 финал. Ерлер. 77 келіге дейін

Демеу Жадыраев – Сехэи Ябибу (Жапония)

Әртістік жүзу

16:30. Бастапқы еркін бағдарлама

Александра Немич, Екатерина Немич

Су добы

Ерлер. Топтық кезең

16:50. Қазақстан – Австралия.

Айта кетейік, қазір ел қоржынында үш қола медаль бар. Олардың бірі дзюдошы Елдос Сметовке тиесілі болса, екеуін ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло иеленді.

Ал жалпы командалық есепте қазір Қазақстан 76 мемлекеттің ішінде 68-орында тұр. Үздік үштікте - Қытай, Жапония және АҚШ.

Көш бастап тұрған Қытай құрамасының қоржынында 24 алтын, 14 күміс, 13 қола барлығы 51 медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924980-tokio-2020-bugin-qazaqstandyq-sportsylar-alty-sport-turinen-synga-tusedi/

pixel